Жаңалықтар

Құнды жинақ

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада Парламент Мәжілісінің депутаты, халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының жаңа сайланған төрағасы Берік Әбдіғалиұлының бастамасымен архив материалдары негізінде жарық көрген «Желтоқсан 1986. Деректі хроника» атты жаңа кітаптың тұсаукесері өтті.

[smartslider3 slider=1480]

Тарихи деректерден құралған жинақ үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімі – партия­лық, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, оқу орындарының ресми құжаттары. Екінші бөлімде Қаз КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумы комиссиясының тергеу материалдары топтастырылған. Ал үшінші бөлімде Қазақстан Республикасының Конституциялық соты қараған материалдар бар. Ғылыми басылым Қазақстанның тарихына қызығушылық танытатын тарихшы-ғалымдарға, оқытушылар мен студенттерге, сондай-ақ қалың оқырманға арналған.

Құнды жинақты басып шығаруға «Алтын қыран» қоғамдық қоры демеушілік еткен. 1000 данамен шыққан жинақ Желтоқсан тақырыбын зерттеп жүрген ғалымдар мен кітапханаларға таратылады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button