Білім

Құндылыққа бағдарланған білім

«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында елордадағы С.Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицейінде «Ұлттық құндылықтар» аймағы ашылды. Сондай-ақ қала мектептерінде кеше «Құндылық сағаты» сабақтары өткізілді.

«Біртұтас тәрбие» бағдарлама аясында Астана қаласының Білім басқармасы мен Әдіс­темелік орталығы 2024-2025 оқу жылына арналған жаңа жоспарды бекітті. Осыған орай, елордалық барлық мемлекеттік мектептерде аптаның бірінші күні «Құндылық сағаты» сабағы өтіп, онда оқушылар Мемлекеттік әнұранды орындап, ұлттық тәрбие бойынша ашық сабақтарға қатысты. Жоғары сынып оқушыларына буллинг, кибербуллингті алдын алу сабақтары қоса өткізіліп, 1-11 сыныптарға қауіпсіздік ережелері түсіндірілді.

Ал Сырбай Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицейінде ашылған «Ұлттық құндылықтар» аймағында ұлттық мұралардың шағын мұражайы орналасқан. Ұлттық киімдер, ойындар, бұйымдар, ыдыстар көрмесі қойылып, қазақ әдебиеті мен мәдениетінің көрнекі өкілдерінің өмірбаяны жазылған тақтайша ілінген.

Мектепке ұлттық киімде келген оқушылар ұлттық құндылықтарға арналған алаңда күй тартып, тоғызқұмалақ ойынын ойнап, дәстүрлі ән айтты. Мектеп директоры Гүлжан Дәрібайқызы қонақтарды жаңа аймақпен таныстырып, шағын лекция оқыды.

– Білім беру процесінде әр ұрпақты ұлттық құндылықпен тәрбиелеу керек. «Ұлттық құндылықтар» аймағы да осы негізде ашылып отыр. Мұнда алдымен ұлттық ойындар ойналып, ұлттық рухпен сусындайды. Қазіргі заман балаларын айтып емес, осылай мектеп қабырғасында көрсетіп, бойына сіңіріп өсіре аламыз. Шетелге шықса да, қайда жүрсе де ұрпағымыз өз құндылығын танып, жадында сақтап жүреді. Бұл көптен ойда жоспар бүгін орындалып жатыр, – деді мектеп директоры.

Индира Бержанова

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button