Елорда тынысы
Құны 346 млн теңгеден асатын жер учаскесі мемлекетке қайтарылды
Астанада құны 346 млн теңгеден асатын жер учаскесі мемлекетке қайтарылды, деп хабарлайды www.astana-akshamy.kz
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару департаментінің Астана қаласы бойынша Есіл ауданы әкімдігінің хаттамасы негізінде ЖШС-нің жер учаскесін ұзақ уақыт пайдаланбауы бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізді. Ауыл шаруашылығымен айналысуға арналған жер учаскесінің аумағы 6,4862 га құрайды.
Тексеру нәтижесінде ҚР Жер кодексінің 92-бабын бұзу фактісі расталды.
Астана қаласы сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен департаменттің талап арызы қанағаттандырылды, сот шешімі заңды күшіне енді.