ЖаңалықтарҚала тіршілігіҚұқық

Құқық бұзғандар құрыққа ілінеді

Есіл ауданының әкімдігінде аудандық прокуратура мекемесінің бастамасымен ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті. Кеңесте тосын жағдайлардың алдын алу, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және құқықтық тәртіпті сақтау, учаскелік инспекторлардың жұмысын күшейту, сондай-ақ объектілерде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету сияқты мәселелер көтерілді.

[smartslider3 slider=410]

Шараға аудан әкімі Берік Жакенов, сондай-ақ құқық қорғау органдарының, ҰҚК және аудандық прокуратура өкілдерінің, ауданның тұрғын үй қорына қызмет көрсететін ұйымдардың басшылары қатысты.
Аудан прокуроры Ерболат Әбдіров биыл аудан көлемінде қылмыстық істердің өскенін атап өтті. Ол алдын алу жұмыстарын күшейтудің қажеттілігі туралы айта келіп, «Шұбар», «Тельман», «Заречный», «Ильинка» шағын аудандары аумағында жарықтандыру жұмыстарын жүргізіп, бейнекамералар орнату керектігін жеткізді. Сондай-ақ Ерболат Әбдіров жатақханалар мен сая­жайлардағы заңсыз құрылыс­тарға тексеру жүргізуді, түнгі уақытта алкогольді, кәмелетке толмағандарға темекі бұ­йымдарын сатуды заң бойынша тежеуді ұсынды.
Аудан әкімі Берік Жакенов қызмет көрсететін ұйымдардың басшыларына сумен, жылумен, электрмен жабдықтау желілерінің жұмысын қамтамасыз етуді, 109 қызметіне түсетін өтінімдерді уақытылы шешім етуді айрықша тапсырды. Сондай-ақ әкім тұрғын үй кешендерінің аумағын қардан тазарту, аула шамдарын ауыстыру, жертөлелерге, шатырларға, тұрғын үй кешендерінің техникалық қабаттарынабөгде адамдардың кіруіне және сонда түнеуіне жол бермеуді ескертті.
Отырыста Есіл ауданы ПБ жергілікті полиция қызметі бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Ерлан Тойымбаев тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу істері туралы баяндады. «Отбасы және тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтың, рецидивті қылмыстың алдын алу үшін ауданымызда азаматтардың өтініштеріне қызмет көрсететін автопатрульдер құрылды» деді ол. Ерлан То­йымбаев сондай-ақ учаскелік инспекторлар ПИК-пен бірлесіп, электронды кодтық құлыптармен, домофондармен жабдықталған кіреберістерге металл есіктерді орнату, көпқабатты үйлердің аулалары мен кіреберістерін, жеке сектордың тұрғын алабын, стихиялық тұрақтарды, шағын кәсіпкерлік объектілерін бейнебақылау жүйелерімен жарақтандыру қажеттілігі туралы үнемі үгіт-насихат жұмыстарын жүргізетінін жеткізді.

[smartslider3 slider=411]

Есіл ауданы ПБ ЖПҚБ бастығы, полиция майоры Аида Кадролдинова кәмелетке толмағандардың жыныстық зорлық-зомбылыққа қатысты қылмыстардың алдын алу үшін профилактикалық жұмыс мектеп жасынан жүргізілуі тиіс екенін атап өтті.
«Келеңсіз жағдайлардың алдын алу қызметіне ювеналды полиция бөлімшесінің қызметкерлері педагогтарды, психологтарды, әлеуметтік қызметкерлерді және денсаулық сақтау өкілдерін тартады. Кәмелетке толмағандарды жыныстық зорлық-зомбылықтан қорғау үшін Есіл ауданы ПБ ювеналдық полиция бөлімшесінің қызметкерлері кәмелетке толмағандардың тәрбиесіне және моральдық-этикалық нормаларды сақтауына бағытталған іс-шараларды үзбей өткізіп келеді. Білім беру ұйым­дарында ерте жүктіліктің алдын алуға бағытталған іс-шаралар да жүргізіліп жатыр» деді полиция майоры.
Аида Кадролдинованың айтуынша, ювеналды полиция бөлімшесінің қызметкерлері оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша да маңызды жұмыстар атқарады. Учаскелік инспекторлардың негізгі міндетінің бірі – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру. Дәріс­тер, жеке дөңгелек үстелдер, брифингтер және басқа да іс-шаралар үнемі өткізіліп тұрады.
 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button