ЖаңалықтарҚала мен СалаҚала тіршілігі

ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫНЫ БЕЙНЕКАМЕРА АНЫҚТАЙДЫ

камера

Жол-патрульдік полициясы қалалық прокуратура қызметкерлерімен бірге әкімшілік құқық бұзушылықтарға «нөлдік шыдамдылық» қағидатын қамтамасыз ету аясында жол қозғалысы ережелерін бұзуды анықтау мақсатында қала көшелерінде рейд жүргізді.

Астанада қазір жол ережесін бұзғаны үшін айыппұл төлемей жүргендердің  саны елу мыңнан асыпты. Негізі олар айыппұлды 30 күннің ішінде өтеуі тиіс болатын.

«Биыл Астана қаласының Әкімшілік полиция басқармасы Сот актілерін орындау департаментіне жалпы 416 млн теңгені құрайтын төленбеген қаулылардың 54 мыңнан астамын мәжбүрлі орындауға жолдады» дейді Астана қаласы ІІД ӘПБ әкімшілік тәжірибе бөлімінің басшысы Т.Әбдурахманов.

Рейд кезінде патрульдік көлікте орнатылған «Поток» жүйесі жол сақшыларына әкімшілік айыппұл төлемегендерді анықтауға көмектеседі. Бейнебақылау камерасының көмегімен көліктің нөмірі сканерден өткізіліп, мәліметтер базасы бойынша тексеріледі. Егер оның тәртіп бұзғаны анықталса, жол-патрульдік полиция инспекторы куәгерлердің көзінше көліктің мемлекеттік номерін шешіп алып, жүргізушіге айыппұлды төлеп, түбіртекті Астана қаласының ІІД ӘПБ әкімшілік тәжірибе бөліміне ұсыну қажеттілігі туралы хабарлама жазып береді. Тек содан кейін ғана мемлекеттік нөмір көлік иесіне қайтарылады.

Елордада осындай рейдтер жиі өткізіледі. Соның нәтижесінде жыл басынан бері 145 мың құқық бұзған жүргізушіге 1 миллиард теңгеден астам әкімшілік айыппұл салынды.

Жақсы СӘТҰЛЫ

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button