ӘлеуметЖаңалықтар

ҚҰҚЫҚ ЖАЙЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

IMG_0435

Есіл ауданы прокуратурасының ұйым­дас­тыруымен ведомствоаралық кеңес өтті. Жиынға қатысқан мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдері діни экстремизм идеологиясын насихаттауға қарсы іс-әрекеттер мен заң бұзушылыққа жол бермеу мәселелерін кеңінен талқылады.

Атап айтқанда, Астана қаласы әкімдігі Дін мәселелерін зерттеу орталығының ақпараттық-насихат тобының мүшесі Т.Липина, Есіл аудандық ІІБ бастығының орынбасары А.Баймұхамедов, Астана қаласы ҰҚК департаментінің терроризмге қарсы күрес басқармасының бастығы К. Нұрғалиев ағымдағы ахуалды баяндап, саладағы атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырды. Діни ағымдардың нақты қай жерде көп шоғырланғанын анықтап, қатаң шаралар қолданылу қажеттілігіне назар аударылды.

Сондай-ақ, аудан прокурорының көмекшісі А.Ахметуллина қазіргі таңда алаяқтықтың көбейгенін мәлімдеді. Алдау жолымен ақша алу, пәтерді жалға алған азаматтардың үшінші адамға жалға өткізу немесе сатып жіберу секілді оқиғалар жиілеп кеткен. Осы ретте алаяқтардың заңсыз әрекетін әшкерелеу үшін ПИК төрағаларына құқықтық кеңес берілді.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button