#Жаңа Қазақстан

Құқықтары қорғалады

Amanat партиясының БҚО-дағы сайлауалды штабының жетекшісі Мұрат Мұқаев пен кандидаттар «Бәйтерек» қоғамдық бірлестігіндегі мүгедек балалардың аналарымен кездесті.

Партия тізімі бойынша ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына үміткер Снежанна Имашева мен облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Мирболат Құрманғалиев әлеуметтік қолдау шараларына ел қазынасынан қомақты қаражат бөлініп жатқанын атап өтті. Әйткенмен жергілікті деңгейде шешуді талап ететін бірқатар мәселе бар.

Оралда 26 оңалту орталығы бар. «Бәйтерек» қоғамдық бірлестігі сал ауруы, аутизм және басқа да дертке шалдыққан балалардың анасымен бірлесе жұмыс атқарып келеді. Үкіметтік емес ұйымның құрылғанына 17 жыл болған. Былтыр желтоқсан айында мұнда 81 бала оңалту қызметін алған. Ал биылдан бастап оңалту орталығы жұмысын тоқтатыпты. Өйткені бюджеттен қаржы әлі бөлінбеген. Күн сайын мамандардың көмегіне жүгінуі тиіс балалар қазір үйінде отыр.

– Біздің орталықта 12 маман бар. Атап айтқанда, логопед, дефектолог, психолог, емдеу жаттығуы бойынша нұсқаушы, массажист және т. б. Олар 1,5 жастан 18 жасқа дейінгі сырқат балаларға көмек көрсетеді. Балалар әртүрлі үйірмеге қатысады. Биыл жыл басталғалы бері мамандарымыз жұмыссыз отыр. Оның үстіне, балалардың санына қарай қаржы көлемін де қысқартып тастады. Былтыр оңалту орталығында 81 балаға көмек көрсетілсе, биыл тек 35 балаға қаражат берілмек, – дейді қоғамдық бірлестіктің төрағасы Мерует Санкаева.

Штаб шетекшісі Мұрат Мұқаев партияның әлеуметтік салаға қолдау білдіретінін жеткізді. Сайлауалды 5 жылдық бағдарлама аясында облыстық филиал әлеуметтік осал топтарға көңіл бөледі. Қазір облыста 6 мыңнан астам мүгедек бала бар. 4300 балаға инклюзивті білім беріледі. Оның ішінде 1000-ға жуығы – мемлекеттік балабақшада, қалғаны – мектепте.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button