Мәдениет

Құрманғазы

Елордадағы «күй атасы» атанған Құрманғазы бабамызға қойылған ескерткіш 2012 жылы 4 шілде, яғни қала күні қарсаңында ашылған. Оның авторы, мүсінші – Асан Молдабаев. Мүсін 5, 5 м биіктіктегі тұғырға орнатылған, жалпы биіктігі – 10 м. Ескерткіште күйшінің қолына домбыра ұстап, күйлерінің бірін шығарып отырған сәті айшықты бейнеленген. Мүсіндегі аспап – күйші домбырасының дәл көшірмесі.

Қазақтың классик жазушысы Әбіш Кекілбайұлы ұлы күйші туралы: «Жұмырбас­ты пенделер, біздер, мынау жарық дүниеге бұйрықты несібемізді теріп жеп, дәм таусылған күні өз жөнімізді өзіміз табу үшін келеміз. Ал көзі барда өзі, көзі жоқта өнері қауымының басына сүйесін, қолтығына демесін болатын ұлылар дүние тұрғанша тұру үшін тұрады. Құрманғазы да солай… Дүние тұрғанша тұрады» депті.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button