#Жаңа Қазақстан

Құрметке лайық ел

– Қазір Қазақстанда корейлердің алтыншы ұрпағы тұрады. Әрине, уақыт өз дегенін алады. Алыста қалған ауыр күндердің жаңғырығы басылып кетті деуге болады. Қазақ жеріне аяқ басқан алғашқылардың аты мен қазақ жеріндегі алғашқы қадамы да санадан өшіп барады. Бірақ ұмытуға болмайтын жайттар бар, бұл – игі істер, адамға тән жылулық, жергілікті халықтың бауырластық қолдауы. Қоныс аударушылардың алғашқы ұрпағынан бастап корейлер қазақ халқына алғысын білдіруден танған жоқ. Бірақ осынау терең, шынайы сезімді сөзбен айтып қана қоймай, ата-анамыз аман қалу үшін иық тіресе күрескен, еліміздегі адамдар арасындағы қарым-­қатынастың іргетасы қаланған, шынайы құндылықтар орныққан кезеңдерді мәңгілік есте қалдыру. «Алғыс сезімі – ең үлкен сезім» деп ежелгі данышпандар айтқан екен. Біз үшін қиын жылдарда қазақ халқы ата-бабамызды қалай қарсы алғанын әрқашан ризашылықпен еске аламыз. Қазір біз бәріміз үшін ортақ Отанда өмір сүріп жатырмыз. Біз оның игілігі үшін күш-жігерімізді аямаймыз.

Қазақстандағы корейлер – ­республикадағы ең ірі этникалық диаспораның бірі. 1990 жылы 3 маусымда корей диаспорасының мәдени мұрасын сақтауға орасан зор үлес қосқан және қосып келе жатқан Қазақстан корейлері қауымдастығы құрылды.

Роза ПАК,

Астана қаласындағы корей этномәдени бірлестігі төрағасының орынбасары

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button