Жаңалықтар

Құрметті астаналықтар! Қымбатты Ұлы Отан соғысы және тыл ардагерлері, Отан қорғаушылар!

Сіздерді Астана қалалық мәслихаты атынан Ұлы Жеңіс күні және Отан қор­ғаушылар мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
9 мамыр – әрбір Отан қорғаушының ар-намысы мен антына адалдықтың, ерліктің үлгісін паш еткен мереке ретінде тарихқа мәңгілікке енді.
Бүгін біз Сіздердің мәңгі өшпес ерлік­теріңіздің алдында басымызды иеміз. Сіз­дер­дің ерлікке толы жастық шақ­тарыңыздың жарқын сәулесі кейінгі ұрпаққа үнемі жол көрсетіп, желеп-жебеп тұратын болады.
Отанымыздың тыныштығы күзе­тінде тұрған біздің айбынды қарулы күштеріміздің арқасында барша ел тұрғындары бейбітшілік пен келісімде өмір сүруге мүмкіндік алып, жарқын болашаққа үлкен жоспарларын құрады. Біле білгенге бұл – үлкен бақыт!
Осы айтулы мерекеге орай соғыс және тыл ардагерлеріне, қала тұрғындарына мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр тілеймін. Әрдайым аспанымыз ашық болып, бақыт­ты күндеріміз көп болғай!

Жанат Нұрпейісов,
Астана қалалық
мәслихатының хатшысы

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button