Басты ақпарат

ҚҰРМЕТТІ АСТАНАЛЫҚТАР ЖӘНЕ ЕЛОРДА ҚОНАҚТАРЫ!

Сіздерді 30 тамыз – Қазақстан Республикасы Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Конституция күнінің мәні мен маңызын бекітетін бұл мейрам – ұлттық мереке. Себебі, еліміздің экономикалық, әлеуметтік, саяси ұстанымдарын берік, мақсатын айқын қылып отырған Ата Заң – ел дамуының бүгінгі биік белесі мен беделінің негізін қалаған басты құжат. Сондықтан бұл – қашан да көңілге қуаныш сыйлайтын қадірлі де қасиеті мол мереке.
Баршаңыздың отбасыларыңызға бақ пен береке, ырыс пен ынтымақ тілеймін!

Иманғали ТАСМАҒАМБЕТОВ,
Астана қаласының әкімі

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button