ЖаңалықтарИмантаразы

Құрметті астаналықтар және қала қонақтары!

15-17 қазан аралығында болатын Құрбан айт мерекесіне орай Астана қаласының әкім­дігі санитарлық талаптар­ды сақтау мақсатында құр­бандық­қа шалынатын малдарды сату, сою және таратуға рұқсат етіл­ген арнайы орындарды бекітті.
Осыған орай, құрбандық мал­дарын сатып алу және сою тек «Алтын таға» мал базарын­да (Астана-Қосшы тас жолы бойын­дағы) жүргізіледі. Ал, «Нұр­береке 555» ЖШС («Көк» базары, Алаш тас жолы, 30); «Шаумен» шаруа қожа­лығы (Астана-Софиевский тас жолы, 9-шақырым); «Темеш» шаруа қожалығы (Аста­на-Софиев­ский тас жолы, 7-ша­қы­­рым); «Мақсат 2007» ЖШС («Темір­жолшылар» тұр­ғын алабы, Ақжар көшесі, 20) мекен-жайларында тек құр­бан­дық союға рұқсат етіледі.
Құрбан айттың алғашқы күні № 27 қалалық автобусы­ның жү­ру кестесі «Нұр-Астана» ме­­шітінен (Қабанбай батыр кө­шесі, 21) бас­тап «Ал­тын таға» базарына дейін ұзар­ты­ла­тын болады. (Автобустың қоз­ғалыс кестесі: Теміржол вок­­залы – Біржан Сал көшесі – І.Есенберлин көшесі – Рес­пуб­лика даңғылы – Қабанбай ба­тыр көшесі – Астана-Қосшы тас жолы – «Алтын таға» ба­зары).
ЕСКЕРТПЕ: Астана қаласы әкімдігінің шешімі бойынша құр­бандық малдарын сату және союға арналған орындардан басқа жерлерде – балалар ойнайтын алаңқайларда, үй аулаларында және де арнайы белгіленбеген орындарда өткіз­уге тыйым салынады.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button