Басты ақпаратЖаңалықтар

Құрметті астаналықтар және қала қонақтары!

1451448611vh91h_1000x768 - копия

Сіздерді еңселі елорда­­мыз­дың төл мере­кесі – Астана күнімен құттықтаймын!
Астана күні – бүгінде барша Қазақстан халқы тойлайтын ортақ мереке. Елордамыз Тәуелсіздіктің жиырма бес жылдығына экономикасы қуатты, индустриялық-ин­­но­­вациялық әлеуеті ны­ғай­ған қала ретінде жетіп отыр.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Астана келбеті – ұлт келбеті» деген сөзі бар. Уақыт өткен сайын көркейген қаламыздан егемен еліміздің даму бейнесін көруге бо­лады. Мұның бәрі – дұрыс ой­­ластырылған жос­пар мен қа­жырлы еңбектің, ұйымшылдық пен ішкі татулықтың нәтижесі.
Әрдайым атар таңымыз ашық, алатын асуымыз биік болғай!

Ізгі ниетпен,
Әсет Исекешев
Астана қаласының әкімі

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button