Жаңалықтар

Құрметті астаналықтар және қала қонақтары!

hazret-sultan-mosque-astana-kazakhstan-5

Сіздерді күллі мұсылманның ұлық мерекесі – Құрбан айтпен құттық­таймын!

Құрбан айт – адамдарды ізгілікке, бауырмалдыққа, имандылық пен қайырымдылыққа үндейтін қастерлі мейрам. Түрлі ұлт пен ұлыстың басын ұйыстырып, береке мен бірліктің ұйытқысына айналған қасиетті Қазақ елі осы мерекені сан ғасырлар бойы тойлап келеді.

Биыл – Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл. Осы жылдар ішінде ислам дінінің өсіп-өркендеуіне бар жағдай жасалды. Өңірлерде мешіт пен медреселер салынып, халықтың рухани сұранысын қанағаттандыратын білімді имамдар мен ұстаздар саны артып келеді.

Елдігіміз қашан да еңселі, тәуел­сіздігіміз тұғырлы болсын. Мерекеден мерекеге қуанышпен, табыспен жете берейік. Айттарыңыз құтты болсын!

Ізгі ниетпен,
Әсет Исекешев,
Астана қаласының әкімі

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button