Жаңалықтар

Құрметті астаналықтар және қала қонақтары!

карта

Мерекелік шараларға дайындыққа байланысты Астана қаласында 30 сәуірге дейін Тәуелсіздік даңғылының бойындағы А.Байтұрсынов көшесінен Ж.Нәжімеденов көшесіне дейінгі жол қозғалысы жартылай шектеледі.

1 мамыр күні сағат 7.00-13.00-ге дейін Тәуелсіздік даңғылында, Б.Момышұлы даңғылынан Ш.Қалдаяқов көшесіне дейін, Ш.Қалдаяқов көшесінде №3 көпір жолайырығынан Обаған көшесіне дейін, Р.Қошқарбаев көшесінде Б.Момышұлы даңғылынан Сарыкөл көшесіне дейін, Айнакөл көшесінде Сарыкөл көшесінен Ж.Нәжімеденов көшесіне дейінгі жолдар жабылады.
1 мамыр күні өткізілген мерекелік шаралар кезінде қоғамдық көліктің қозғалыс кестесіне де өзгертулер енгізіледі.
Атап айтқанда, №3 бағыттағы автобустың қозғалыс кестесі Тәуелсіздік даңғылынан Р.Қошқарбаев көшесіне дейін шектеліп, Б.Момышұлы даңғылынан бұрылады және М.Жұмабаев көшесі арқылы «Сарайшық» тұрғын үй кешеніне дейін, ал, кері қайтарда Р.Қошқарбаев көшесі арқылы жүреді.
№ 4, 14 бағыттағы автобустардың қозғалысы Тәуелсіздік даңғылынан Р.Қошқарбаев көшесіне дейін шектеледі;
№19, 40 бағыттағы автобустардың қозғалысы Тәуелсіздік даңғылынан Р.Қошқарбаев көшесіне дейін шектеліп, Б.Момышұлы даңғылында
№1 көпір арқылы кері бұрылады;
№21 бағыттағы автобустың қозғалысы Сыға­нақ көшесінен Орынбор көшесіне дейін шектеледі;
№32 бағыттағы автобустың қозғалысы Айнакөл көшесінен, М.Жұмабаев даңғылымен Б.Момышұлы даңғылы арқылы №1 көпірге дейін шектеліп, әрі қарай бұрынғы кесте бойынша жалғасады.
Не? Қайда? Қашан?
Қазақстан халқы күніне арналған негізгі іс-шаралар – мерекелік концерт пен халықтық серуен 1 мамыр күні сағат 10:00-ден 15:00-ге дейін «Қазақ елі» монументінің алдындағы алаңда өтеді. Сол күні сағат 10:00-ден 23:00-ге дейін «Бәйтерек» монументінің алдында, Астана қаласы әкімдігінің алдындағы алаңда, «Студенттік» саябақта, сонымен қатар сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін «Жастар» театрының аумағында (бұрынғы К.Байсейітова атындағы опера және балет театры), «Жастар саябағында» және М.Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайы маңындағы Есіл өзенінің жағалауында мерекелік шаралар көрігі қыза түспек.
Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған басты мерекелік шаралар үш бірдей алаңда (Қалалық әкімдіктің алдындағы алаңда, Ғашықтар саябағында және «Бәйтерек» монументінің жанында) LED-мониторлар арқылы көрсетіледі.
Сонымен қатар, 1 мамыр күні қала тұрғындары үшін Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық Қазақ музыкалық драма театрында сағат 18:30-да және М.Горький атындағы мемлекеттік академиялық Орыс драма театрында сағат 18:00-де «Жұбайлар жұмбағы» мен «Ханума» атты музыкалық комедиялар қойылады.
Сәуірдің 30-нан мамырдың 4-не дейін сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін С.Сейфуллин атындағы мұражайда «Береке басы – достық» атты көрме мен 15 мамырда сағат 19:00-де Конгресс-холда Астана қаласы әкімдігінің мемлекеттік академиялық филармониясының «Шалқыма» би ансамблі «Достық поэзиясы» атты концерт қояды.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button