Жаңалықтар
Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары!
Астана қаласы мәслихаты депутаттарының атынан Сіздерді мемлекеттік мереке – Астана күнімен құттықтаймын!
Астана – қазақстандықтардың мақтанышы, мемлекетіміздің тәуелсіздігі мен егемендігінің, тұрақтылығы мен экономикалық өсуінің символы.
Астана – бұл қазақстандықтардың арман-үміттері мен болашағының қаласы.
15 жылдығын атап өте отырып, қарыштап дамып келе жатқан жас Астананың келбетіне сүйсініп, оны мақтан тұтамыз.
Осы мерекелік күні Сіздерге зор денсаулық, бақыт және береке-бірлік тілеймін. Болашағы жарқын қала – Астанамыз гүлденіп, көркейе берсін.
Мерекелеріңізбен, қымбатты астаналықтар!
Астана қаласы мәслихатының хатшысы С. Есілов