Қала тіршілігі

Құрметті сайлаушылар!

Осыған орай, №12 сайлау округінің тұрғындарын қалалық мәслихат депутатын сайлауға қатысуға шақырамыз.
Дауыс беру 2013 жылғы 27 қазан күні сағат 7.00-ден 20.00-ге дейінгі аралықта келесі сайлау учаскелерінде өтеді:
№69 – Бейімбет Майлин көшесі, 12-үйде орналасқан №2 кәсіптік лицей ғимараты;
№176 – Аманат көшесі, 5-үйде орналасқан №51 орта мектеп ғимараты;
№181 – Қарқабат көшесі, 17-үйде орналасқан №53 мектеп-лицей ғимараты;
№190 – Аманат көшесі, 5-үйде орналасқан №51 орта мектеп ғимараты;
№191 – Қарқабат көшесі, 17-үйде орналасқан №53 мектеп-лицей ғимараты;
№209 – Қарасаз көшесі, 34-үйде орналасқан қазақ-түрік лицей ғимараты.
Сайлауда азаматтық ұстанымдарыңызды білдіріп, өз құқықтарыңызды жүзеге асыруға атсалысыңыздар!
Жеке басыңызды куәландыратын құжаттарыңыздың болу қажеттігін ескертеміз.
Анықтама телефондары: 556634, 556632.
Астана қалалық сайлау комиссиясы

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button