Жаңалықтар

Құрметті соғыс ардагерлері, Қазақстан әскерінің офицерлері мен сарбаздары! Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары!

Астана қаласы мәслихатының депутаттары атынан Сіздерді Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл мереке – туған жердің әрбір қорғаушысы үшін, сондай-ақ, алдағы уақытта өзінің әскери борышын өтейтін әрбір азамат үшін ерлік пен елдіктің, қаһармандық пен батылдықтың, Отанға деген адалдықтың символы болып табылады.

Біздің тәуелсіздігіміз бен тұтастығымызды, тыныштығымыз бен бейбіт тірлігімізді қас қақпай күзетіп тұрған, халқымызға қорған болған ұлттық әскеріміздің айбыны арта берсін!

Мерекелеріңіз құтты болсын, құрметті Отан қорғаушылар!
Әрбір үйге береке-бірлік, ынтымақ тілеймін.

Сансызбай Есілов ,
Астана қаласы мәслихатының хатшысы

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button