Жаңалықтар

Құрметті Соғыс және тыл ардагерлері!

Сіздерді Ұлы Жеңістің 71 жылдық мерейтойымен шын жүректен құт­тықтаймыз!

Сіздердің Ұлы Отан соғысындағы көрсеткен ерліктеріңіз, жан шыдамас қиындыққа төзіп, еліміз, жеріміз үшін аянбай айқасып, неміс басқыншыларын жеңіп, келесі ұрпақтарыңыздың өсіп-өніп жетіліп, Егеменді Қазақстанның мықты да гүлденген мемлекет болуы­на қосқан үлестеріңіз ешқашан да ұмытылмайды.
Сіздер аманат еткен ұлтаралық татулық, тұрақтылық, бейбітшілік біздер үшін әрқашанда еліміздің ең бір қасиетті ұстанымдарының бірі бола бермек.
Бүгінгі күні Сіздер жастарды отан­сүйгіштікке, адалдыққа тәрбие­леуге үлкен үлес қосып келесіздер.
Жеңіс күні 9 мамыр мерекесі қар­саңында Сіздерге зор денсаулық, қа­жымас қайрат, баянды ұзақ ғұмыр тілейміз. Алдағы уақытта да қаланың, сонымен қатар еліміздің гүлденуі үшін жастарға патриоттық тәрбие беру жолында белсенді үлес қосады деп сенеміз.

Астана қалалық Ардагерлер кеңесі

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button