ЖаңалықтарҚала тіршілігі

Құрылыс индустриясының  жағдайы қалай?

Нұр-Сұлтан қаласы Кәсіпкерлер палатасы аймақтық кеңесінің құрылыс секторына арналған отырысы өтті. Жиынға елорда әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов, қалалық мәслихат хатшысы Ерлан Каналимов, қалалық басқармалар басшылары, «Астана» АЭА басқарма төрағасы Бақытжан Досқазиев, «Құрылыс» аймақтық кеңесінің филиалдық тобының мүшелері қатысты.

[smartslider3 slider=400]

Отырыс барысында Нұр-Сұлтандағы құрылыс нысандарының құнын реттеу, материалдардың қымбаттауы, жаңа инвестициялық жобалар үшін жер телімдерінің жетіспеушілігі, құрылысшылардың шығындарын өтеу сияқты маңызды тақырыптар талқыланды. Қала басшылығы мен кәсіпкерлердің елорданы дамыту жұмысындағы бірлесіп атқаратын істері, мақсат-міндеттері туралы айтылды.
– Тұрғын үй нарығындағы ахуал, елордамыздың жолдары мен басқа инфрақұрылымын салу мен жөндеуге арналған ауқымды жоспарлардың орындалуы құрылыс индустриясының тиімді, ырғақты жұмысына байланысты, – деді Ерлан Каналимов.
Індетке байланысты өз салаларында туындаған мәселелер туралы ұйымдар, жеткізушілер, мердігерлер айтты. Құрылыс материалдарының қымбаттауына байланысты жобаларды түзету, елордада жазғы дәмханаларды ашу процесін реттеу мәселелері, сонымен қатар құрылыс салушылар үшін өтемақы мәселесі талқыланды. Инженерлік желілер құрылысы да сөз болды.
 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button