БілімЖаңалықтар

ҚҰРЫЛЫС МАМАНДАРЫН ЖАСАҚТАЙДЫ

 «BI-Group» инвестициялық құрылыс холдингінің құрылыс саласындағы алғашқы бірлескен университеті білім жетілдіруді ниет еткен жастарға есігін ашты.

 «Компанияда корпоративті жоғары оқу орнын ашу туралы ой осы жылдың басында туындаған болатын. Енді, міне, ізгі мақсатымыздың жүзеге асырып жатқанына қуаныштымыз. Біз алдымен Қазақстандағы таңдаулы жоғары оқу орындарының студенттерін қызметке алып, BI-сынақ мерзімінен өтуші бағдарламасы бойынша жұмыс істеуге кіріскен бола­тынбыз. Қазіргі күнде олар тәжірибе жинақтауда. Алдағы уақытта дәл осы жастар компаниямыздың дамуына өз үлестерін қосады деген үміттеміз» дейді компанияның басқарма төрағасы А.Омаров.

Жаңа бірлескен жоғары оқу орнының директоры Айнагүл Ахметованың айтуынша, мұндай білім ордасын ашу арқылы компания білікті мамандарға деген зәруліктің алдын алып, ұйымның мықты мамандармен толығуына қол жеткізді. Бірлескен университет барлық деңгейдегі қызметкерлерін оқытуда халықаралық ірі компаниялардың тәжірибесіне сүйенуді жоспарлап отыр.

Гүлбаршын ӨКЕШҚЫЗЫ

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button