ЖаңалықтарҚала мен СалаҚала тіршілігі

Құрылыс қарқынды дамуда

Елорда соңғы жылдары әлеуметтік тұрғын үй құрылысы бойынша өз рекордын жаңартып келеді. Бұл деңгей ары қарай да сақтала береді. Келесі жылы қолжетімді тұрғын үй салу үшін алдын ала дайындық басталды. Енді учаскелерді, жобалық-сметалық құжаттаманы дайындау, инженерлік желілерді тарту және аумақты абаттандыру, құрылыс жұмыстары жанданады.

[smartslider3 slider=862]

Бұл туралы Елорда әкімі Алтай Көлгінов өзінің әлеуметтік Instagram парақшасында: «Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қолжетімді жеңілдікті тұрғын үй көлемін ұлғайту бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп жатырмыз. Мысалы, 2022 жылы кемінде 10 мың әлеуметтік пәтер салуды жоспарлап отырмыз. Аудандар «Нұр-Сұлтан – жайлы қала» мастер-жоспарының тұжырымдамасына сәйкес дамып жатыр. Оған сәйкес әлеуметтік нысандар жақын маңайға орналасатын болады. Мысалы, 2018 жылы 1800 әлеуметтік пәтер салынса, 2019 жылғы көрсеткіш – 2900, ал 2020 жылы 7 мың әлеуметтік пәтер салынды. Биыл бұл көрсеткішті 10 мыңға жеткіземіз. Келесі жылы да осындай көлемде пәтер саламыз. Қолжетімді тұрғын үй құрылысының көлемін ұлғайтумен қатар, тұрғын үй бағдарламаларын жетілдіру бойынша да жұмыс істеп жатырмыз: қатысушылар санатын едәуір кеңейттік, тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін 1 млн теңгеден 1,5 млн теңгеге дейін ұлғайттық. Сонымен қатар, осы жылдың қазан айында жастарға арналған арнайы тұрғын үй бағдарламасы іске қосылды. Жеңілдетілген әлеуметтік несиелендірудің бұл бағдарламасы елорданың жас мамандарына (36 жасқа дейін) арналған. Сондай-ақ Елбасының бастамасымен қолға алынған «Жұмыс істейтін жастарға жалға берілетін тұрғын үй» бағдарламасын жалғастырамыз» деп жазды.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button