Қоғам
Құрылыс жұмыстары 12,7% ұлғайды

2025 жылғы қаңтарда орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 12,7% өсіп, 140,5 млрд теңгені құрады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
2024 жылғы қаңтармен салыстырғанда жұмыс көлемінің ұлғаюы тұрғын емес ғимараттар (42,2%) мен имараттар (15%) құрылысы мен олардың жөндеу жұмыстары көлемінің өсуіменбайланысты.
Республика бойынша құрылыс жұмыстарының жалпы көлемінің 81,6% жеке құрылыс ұйымдары орындаған, шетелдіктер – 17,8%, мемлекеттік ұйымдар – 0,6%. 2025 жылғы қаңтарда орындалған құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) түрлері бойынша ең көп үлесті тұрғын емес ғимараттар (жалпы көлемге 36,9%) мен автомобиль жолдары (17,6%) және тұрғын үйлер (6,2%) құрылысы алып отыр.