Мәдениет

Құрылысшыларды құрметтеді

Е. Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академия­лық филармониясы құрылысшылардың кәсіби мерекесіне орай «Құрметім саған, құрылысшы!» мерекелік концертін өткізді.

[smartslider3 slider=3744]

Концертке Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов, еңбек сіңірген құрылысшылар, қоғам қайраткерлері және қаланың құрметті азаматтары қатысты. Қала басшысы құттықтау сөз сөйлеп, марапаттарды тапсыр­ды. Концерттік бағдарламада ән мен биден шашу шашылды. «Шалқыма» халық би ансамблі Е.Брусиловскийдің «Шашу» хорео­графиялық композициясымен өнер көрсетсе, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Сүндет Байғожин, Медет Салықов пен Клара Төленбаева, Бибігүл Жанұзақ, Ұлықпан Жолдасов мерекелік көңіл-күй сыйлады. Халықаралық байқаулардың лауреаттары Зарина Омарова, Талғат Аллабиринов, Алтыншаш Мұқатаева, Ақбота Құснадин, Әкімхан Мәженов құрылысшыларға өздерінің ізгі тілектерін білдірді. Халыққа өз шығармашылықтарын ұсынған дәстүрлі ән орындаушылары Айнұр Қонысбаева, Әйгерім Нартүйе, Нұржан Мейірхан, Сәулежан Тағзияға деген қошемет ұзақ уақытқа дейін басылмады. Мерекелік концерт «Достар» тобы мен Ренат Гайсиннің әнімен аяқталды.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button