Елорда тынысы

Құрылысшыларға қатаң ескертілді

Елорда әкімдігінде құрылыс компанияларының өкілдерімен нысандарды салып бітіру мәселелеріне арналған кеңес өтті. Басқосуға құрылыс-жөндеу жұмыстарын баяу жүргізіп жатқан, құрылысты аяқтау кестесінен қалып қойған, тапсырыс беруші мен мердігер арасындағы сот отырыстары жүріп жатқан және үй салуға қажетті қаражаты жоқ компаниялар өкілдері қатысты.

[smartslider3 slider=1994]

Мысалы, «ЭРА», «Роз Тал» ЖШС-нің және тағы басқалардың жекеменшік нысандары осы санатқа жатады. «Лея» тұрғын үй кешенінің құрылысы 2016 жылы басталған. «За рекой» компаниясының басшылығына жұмысты жандандырып, нысан құрылысын биыл аяқтау міндеттелді.

Елорда әкімі Алтай Көлгінов құрылысшыларға әкімдіктің рұқсатын алғанға дейін немесе «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ-ның кепілдігін алғанға дейін үлескерлердің ақшасын жинайтын болса, «қара тізімге» енгізіліп, материалдар құқық қорғау органдарына берілетінін ескертті.

Сонымен қатар, құрылыс компаниялары үй салуға рұқсат беретін құжаттарды алғанға дейін құрылыс-жөндеу жұмыстарына кірсетін болса, лицензиясынан айрылуы мүмкін. Алаяқ құрылыс жүргізушілердің тізімі әкімдіктің ресми сайтында және бұқаралық ақпарат құралдарында тұрақты түрде жарияланады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button