Ел тынысы

Құрылысы ұзаққа созылған ғимараттарға барды

Елорда әкімі Жеңіс Қасымбек құрылысы ұзаққа созылған бірқатар ғимаратқа барып, 30-дан астам тұрғын үй кешенін биыл аяқтауды тапсырды.

«Тұрғындармен, оның ішінде үлескерлермен тұрақты түрде кездесіп тұрамын. Құрылысы ұзаққа созылған бірқатар ғимаратқа бардым. Өздеріңізге мәлім, әр нысанның өткен тарихы әртүрлі, олардың құрылысы бірнеше жылдан бері бітпей келеді. Мәселен «Ақерке-2» тұрғын үй кешенінің тіпті іргетасы да болмаған еді, ал «Пана» тұрғын үй кешенінің құрылысы 8 жыл бұрын басталған» деді қала әкімі Ж.Қасымбек.

Осыған дейін әкімдік құрылысы ұзаққа созылған нысандарды аяқтау бойынша жүйелі жұмыс жүргізгені белгілі. Дегенмен қалған нысандарды аяқтау міндеті тұр. Бұл – 30-дан астам тұрғын үй кешені, онда мыңдаған отбасы жылдар бойы баспанасын күтіп жүр. Құрылысы ұзаққа созылған әрбір нысанды аяқтау бойынша арнайы жоспар бар. Сондықтан әкім биыл осы нысандарды аяқтау­ды тапсырды.

Қаланы аралау барысында Ж.Қасымбек донор-нысандардың құрылысымен танысты. Олар ұзаққа созылған нысандардың құрылысын аяқтау үшін салынған қаражаттың қайтарымын қамтамасыз етеді.

«Жалпы құрылысы ұзаққа созылған нысандардың аяқталуы Мемлекет басшысының бақылауында. Үлескерлердің проблемаларын шешу – бұл біздің міндетіміз» деді елорда әкімі.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button