Қала тіршілігі

Құрылысы ұзаққа созылған тұрғын үй пайдалануға берілді

ҚР Тұңғыш Президенті күні қарсаңында «Грант» көппәтерлі тұрғын үй кешені пайдалануға берілді. Оның құрылысы 2011 жылы басталған. Бүгінде мұнда барлық инженерлік желілер үйге тартылды, енді оларды қосу үшін тұрғындар келісімшартқа отыруы қажет. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов өзінің инстаграм парақшасында жазды.

«Құрылысы ұзаққа созылған тұрғын үй кешендеріне барған кезде үлескерлердің үй құрылысының бітетініне сенбейтінін байқадық. Алайда құрылыс жұмыстары қайта жанданған кезде олардың үміті ояна бастады. Үлескерлер құрылыс жұмыс­тарын талқылауға етене араласты.
Сондай құрылыстың біріне айналған «Грант» (Сарыарқа ауданы) тұрғын үй кешені – былтыр жазда мен барған алғашқы үйлердің бірі. Проблемасы көп еді. Үйдің іргетасын қалап, қасбетімен айналысу қажет болды. Сонымен бірге терезелер мен есіктер орнатып, ішкі әрлеу жұмыстарын жүргізу керек. Үй құжаттарын дайындау, инженерлік желілерге қосу мәселелері де тұрды. Бұл – біз атқарған мәселелердің бір бөлігі ғана. Бұл үйді құрылыс салушы 2011 жылы сала бастаған, ал 2015 жылы үй проблемалық деп танылды.
ҚР Тұңғыш Президенті күні қарсаңында үйді пайдалануға бердік. Үйге барлық инженерлік желілер тартылды, енді оларды қосу үшін тұрғындар келісімшартқа отыруы қажет. Бұл үйде 170 отбасы тұрады. Құрылысы ұзаққа созылған үйлердің құрылысын аяқтау мәселесі Мемлекет басшысының бақылауында.
Былтыр 10 үйдің құрылысын аяқтап, пайдалануға берсек, биыл 20 үйді аяқтап, пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз» деп жазды Алтай Көлгінов.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button