Жаңалықтар

Құстар саябағы ашылады

Нұр-Сұлтанда биыл жазда жаңа бағыттағы қоғамдық кеңістік ашылады. Құстар саябағы қаланың тарихи бөлігінде – Желтоқсан, Сейфуллин, Бейбітшілік және Омаров көшелерінің аралығында – №1 қалалық емхананың жанында орналасады.

[smartslider3 slider=2252]

 

Қала тұрғындарының біраз бөлігі көгершіндерге жем беруді ұнататынын ескере отырып, жаңа саябаққа бірнеше құс ұясы орнатылмақ. Елорданың Урбанистика орталығы жобалау кезінде жалпықалалық демалыс аймағын ашу ісіне басымдық берді: құстарға жем шашуға арналған орындар, сол сияқты кедергісі жоқ тыныш аймақ құру. Жаңа кеңістіктің кіреберіс тұстарын гирляндалармен безендіру жоспарланып отыр. Алаңның барлық аумағында әртүрлі мағына беретін шамдар орнатылады. Ал тротуарлардың бойына түрлі орындықтар қойылады. Сондай-ақ саябақтың ортасына гүлзары бар көлеңкелі шатырды орналастыру жоспарда бар. Қоғамдық кеңістіктің бос тұстарына ағаш отырғызылады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button