Ел тынысы

«Құстардың ұясын жаса» экоакциясы өтті

Елорданың мектеп оқушылары мен олардың ата-аналары «Жетісу» және «Жерұйық» саябақтарында өткен «Құстардың ұясын жаса» экологиялық акциясына қатысты, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Есіл ауданы әкімдігі аппаратының Ішкі саясат бөлімінің басшысы Әли Жолтабардың айтуынша, акцияға шейх Халифа бен Заид әл-Нахьян атындағы №84 мектеп-лицейінің оқушылары, сондай-ақ олардың ата-аналары қатысты.

«Іс-шара «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында өтіп жатыр. Ұйымдастырушы – Есіл ауданы әкімінің аппараты. Оқушылар ата-аналарымен бірге өз қолдарымен жасаған ұяларды ілді. Құстарға арналған ұяларды орнатуға мектеп оқушыларымен бірге қалалық мәслихат депутаты Азамат Орынбасаров атсалысты», – деді ол.

Іс-шараға қатысқандар отбасыларымен бірге келді.

«Ұлым Қанат Әли №84 мектепте 3-сыныпта оқиды. Менің ойымша, бұл акция баланың дамуы үшін өте пайдалы. Мен тек дайын тұрғандарын жасадым, ал ол ұяны өзі құрастырып шықты. Әке мен бала бірге жұмыс істеп, бірге уақыт өткізіп, игі іс жасаса, отбасылық қарым-қатынасқа жақсы», – деп өз әсерімен бөлісті экоакцияға қатысушы Жеңіс.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button