Елорда тынысы
Құтқарушылар ауа райына байланысты үндеу жасады

Астанада ауа райының күрт суытуына байланысты құтқарушылар үндеу жасады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті «Қазгидромет» РМК деректері бойынша Астана қаласында 8 сәуірде кей уақыттарда найзағай және түнде және таңертең тұман күтілетінін хабарлайды.
Осыған байланысты, елордалық ТЖ департаменті азаматтардан ауа райы жағдайларын ескеруді және қала бойынша жүру кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұрайды.