Құтқарушылар шомылу маусымының қорытындысын шығарды
Елордада өткен шомылу маусымының қорытындысы жарияланды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Астана қаласы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Азамат Құсайынов коммуникациялар қызметінде өткен брифингте судағы жазатайым оқиғалардың алдын алу бойынша атқарылған жұмыстар туралы айтып берді.
Осылайша, ТЖ департаментінің қызметкерлері полиция, Ұлттық ұлан қызметкерлерімен, қоғам қайраткерлерімен және еріктілермен бірлесіп күн сайын қаланың су айдындары бойында рейдтер мен патрульдеу жүргізді, онда азаматтарға жадынамалар мен буклеттер тарата отырып, су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді.
«Есіл өзенінің арнасын «ОСО» РММ құтқарушылары халықтың шомылу орындарында қайықтармен тұрақты негізде патрульдеу жүргізді, су айдындарының қауіпті және жабдықталмаған учаскелерінде қайығы бар қосымша 2 жылжымалы бекет қойылды. Шомылу маусымының басынан бастап рейдтік іс-шараларды өткізу кезінде полиция қызметкерлерімен бірлесіп тәртіп бұзғандарға жасалған сомасы 7 млн 435 мың 688 теңгеге 588 әкімшілік хаттама», – деді қалалық ТЖД өкілі.
Цифрландыру және мемлекеттік қызметтер басқармасымен бірлесіп, пилоттық жобада орталық жағажайдың жағалау аймағында жүзу шекараларын анықтау және батып бара жатқан адамдарды ерте анықтау жүйесін (2 бейнекамера мен дауыс зорайтқыш орнатылған), сондай-ақ жедел басқару орталығына шығара отырып, «Сергек» бейнебақылау камераларын орнату бойынша жұмыс жүргізілді.
«Өткізілген ұйымдастырушылық іс-шаралардың арқасында су айдындарының жабдықталмаған учаскелерінде адам өлімі фактілерін 2 есеге азайтуға мүмкіндік туды. Сонымен қатар, жазғы кезеңде елорда су айдындарында 3 адам құтқарылды» – деп толықтырды спикер.