Елорда тынысы

Құзға өрмелеуден елордалық спортшы күміс медаль жеңіп алды

Құзға өрмелеуден Ұлттық құрама спортшысы елордалық Әмір Маймұратов Әлем Кубогының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Париж Олимпиадасының қатысушысы Әмір Оңтүстік Корея астанасы Сеулде өткен құзға өрмелеуден әлем Кубогында керемет нәтиже көрсетті. Ол 1/8 финалда таиландтық Афивита Лимпаничпакдиді 6,19 секунд уақытпен жеңді.

Ширек финалда оның қарсыласы АҚШ өкілі Майкл Хом болды, ол оны 5,22 секундта ұтса, жартылай финалда әлем чемпионы италиялық Матео Зурлониді жеңіп, 5,57 секунд нәтиже көрсетті. Ал финалда жерлесіміз қытайлық Хиншанг Вануға есе жіберіп, жарыс жолын 10,60 секундта аяқтады.

Осылайша Астана қаласының спортшысы Әмір Маймұратов жылдамдық сайысы бойынша екінші орынға ие болды.

Айтулы жарыста жылдамдық сайысы бойынша барлығы 55 спортшы қатысты.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button