ЖаңалықтарҚала тіршілігі

Құжат қабылдау басталды

Бас қалада «Жұмыс істейтін жастар үшін сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй» бағдарламасына құжаттар қабылдау 4 қарашада, яғни бүгін сағат 9:00-де басталды. Бағдарламаға қатысу үшін 11 қараша сағат 23:59-ға дейін qatysu.zhilfond.kz порталында онлайн түрде өтініш беруіңіз керек.

[smartslider3 slider=697]

Жалға берілетін тұрғын үй сатып алу және ұзарту құқығынсыз 5 жыл мерзімге беріледі. Ай сайынғы жалдау ақысы – 5000-15000 теңге. Өтініш берілгеннен кейін, оның қаралуына қарай, өтініш берушінің көрсетілген телефон нөміріне SMS-хабарлама жіберіледі.

Бағдарламаға қатысу шарттары: 29 жасқа толмаған, орта, жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар және ресми жұмысқа орналасқан Қазақстан Республикасының азаматы болуы тиіс. Нұр-Сұлтан қаласында соңғы 2 жылдан кем емес уақыт тұрақты тіркеліп, өтініш берушінің және отбасының барлық мүшелерінің Қазақстан бойынша меншік құқығында, сондай-ақ 2 жыл ішінде сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйдің болмауы қажет. Одан бөлек, төлем қабілеттілігін растау талап етіледі (ай сайынғы табысы кем дегенде 116680 теңге/соңғы 6 айда 40 АЕК болуы керек).

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button