Басты ақпаратҚала мен Сала

Құжатсыз құрылыс тоқтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астана қаласын дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізіп, елордада рұқсат етілген құжаты жоқ 90-нан астам тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатқанын сынаған еді. Оcыған орай, Астана қаласының әкімдігі мониторинг жұмысын жүргізіп, рұқсат құжатынсыз құрылысы жүріп жатқан 76 нысанды анықтады.

Қала аумағында рұқсат құжаты жоқ 96 нысанның құрылысы жүргізілген. Көп­пәтерлі тұрғын үй кешені нысандарын өз бетінше салу мәселесі жөніндегі жұмыс тобы заңсыз құрылыс салу фактілерін анықтап қана қоймай, рұқсат құжаты жоқ құрылыс салушыларға жан-жақты көмек көрсетеді.

Осылайша, 96 нысанның 20-сы құрылыс жүргізуіне қажетті рұқсат құжатын толықтай алды. Жұмыс тобының құрамына мемлекеттік органдардың қызметкерлері, қоғамдық ұйымдардың, Қазақстан Құрылысшылар одағының және Қазақстанның құрылыс салушылар қауымдастығының өкілдері кіреді.

Қазіргі уақытта рұқсат құжатынсыз құрылысы жүріп жатқан 76 нысан анықталды. Олардың қатарында: «Mars Project», «Aiz Kurylys», «Русалдинг Line», «Билдинг компани», «Expert Consulting Agency Kazakhstan», «Тауекел Инжиниринг», «Global Millennium», «Handan-Astana», «Oreol-Group» ЖШС және т. б.

Рұқсат құжатынсыз құрылыс жүргізетін субъектілердің бәріне жұмысын тоқтату туралы нұсқама беріледі әрі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ тиісті жер құқығынсыз құрылысы жүріп жатқан 20 нысан (76 нысанның ішінде) бойынша сот органдарына демонтаждау бойынша талап арыздар беріледі.

Көппәтерлі тұрғын үй кешендері құрылысының жаңа нысандары рұқсат құжатынсыз жүріп жатқаны анықталса, бұл нысандар өз бетінше салынып жатқан құрылыс деп танылып, бұзылады. Сондай-ақ, қалада «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» ҚР заңының талаптарын сақтау бойынша бірқатар түйткілді мәселе бар.

Қала тұрғындарын ақпараттандыру және заңның бұзылуына жол бермеу мақсатында әкімдіктің ресми ресурсында және БАҚ-та үлескерлердің ақшасын қабылдауға құқығы жоқ құрылыс салушылардың «қара тізімі» жүйелі түрде жарияланып тұрады.

Құрылыс компаниялары үлес­керлердің қаражатын мынадай жағдайларда ғана қабылдай алады:

1) тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторының кепілдігін алу;

2) екінші деңгейлі банктің жобасына қатысу;

3) тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың) қаңқасы салынғаннан кейін үлескерлердің ақшасын тарту.

Егер қолданыстағы заңды бұза отырып, сізбен мәміле жасалған жағдайда, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 9, 324-кабинет мекенжайында орналасқан «Астана қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы» ММ уәкілетті органына хабарла­суыңызды сұраймыз.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button