Елорда тынысы

Құжаттандыру терминалы іске қосылды

Елордадағы ХҚКО-да құжаттандыру терминалы іске қосылды. Автоматтандырылған өз-өзіне қызмет көрсету терминалы биометриялық жүйемен, фотосуретке түсіру функциясымен және арнайы интерфейспен жабдықталған. Оның көмегімен адам жеке куәлік немесе төлқұжат алуға өз бетінше өтініш бере алады.

Құжаттандыру терминалы елордалық ХҚКО-да қанатқақты режимде іске қосылды. Жобаны Ішкі істер мен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктері бірлесіп әзірледі. Жаңа ХҚКО-да 4 құрылғы жұмыс істейді. Жаңа аппаратпен бүгін Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов пен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин танысты. Бұл технология мемлекет ұсынатын қызметтердің сапасы мен жылдамдығын арттырады, құжаттарды ресімдеу мерзімін едәуір қысқартады, сыбайлас жемқорлық тәуекелін азайтады. Себебі барлық процесс ашық түрде жүргізіледі. Құрылғының көмегімен тек өтініш беріп қана қоймай, дерекқордағы фотосурет бойынша жеке басты сәйкестендіріп, QR-код арқылы төлемді сол жерде жасауға болады. Ол үшін бірнеше қадам жасау жеткілікті:

– ЖСН және ұялы телефон нөмірін енгізу;

– суретке түсіру және қол қою;

– экрандағы QR-кодты пайдаланып, мемлекеттік бажды төлеу;

– SMS арқылы қалыптастырылған қолхат алу;

– көші-қон қызметінің қызметкеріне өтінім нөмірін көрсету.

Бұл ретте, ұялы телефон нөміріңізді мобильді азаматтар базасына тіркеу қажет, бірақ мұны өтінімді ресімдеу кезінде де жасауға болады.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button