ЖаңалықтарҚұқық

Құжаты жоқтарға  азаматтық берілді

Ішкі істер министрлігі мәртебесі реттелмеген және құжаты жоқ 6 мыңнан астам адамға көмек көрсетті. Бұл туралы министрлікте өткен апталық брифингте мәлім болды.

[smartslider3 slider=654]

«Қазіргі уақытта министрлік мәртебесі реттелмеген және жеке басын куәландыратын құжаттары мен азаматтығы жоқ 6 мыңнан астам адамға көмек көрсетті. Жалпы 5 мыңға жуық (4969) адам жеке куәлікпен құжатталды. Оның 3357-сі – ҚР азаматы. Сөйтіп, еш азаматтығы жоқ 1612 адамға ҚР азаматтығы берілді» деді Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз.

Ресми өкілдің айтуынша, тағы 1357 адамға қатысты азаматтықты растау рәсімі аяқталуға жақын. «Ішкі істер министрлігі еліміздегі азаматтығы жоқ адамдардың мәселесін түпкілікті шешуге ұмтылысты ескеріп, мәртебесі реттелмеген және жеке басын куәландыратын құжаты жоқ адамдарды анықтау акциясын 2022 жылдың мамырына дейін ұзарту туралы шешім қабылдады» деді Н.Ораз.

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button