Елорда тынысы

Құзыреттілік орталығы ашылды

«Жас маман» жобасы аясында елордадағы сервис және туризм колледжінде «Landscape Garden» құзыреттілік орталығы ашылды.

[smartslider3 slider=2093]

Іс-шара барысында заманауи, инновациялық құралдармен жабдықталған «3D», «Жабдықтар», «Флористика», «Ландшафтық дизайн» зертханаларының, «Компьютерлік технологиялар» сыныбының жұмыс барысы таныстырылды. Мысалы, «Флористика» кабинетінде техник-технолог болуды жоспарлап жүрген студенттер гүл өнімдерімен танысып, оларды күтіп-бағудың негізгі әдіс-тәсілдерін, композиция мен қолданбалы өнердің негіздерін үйренеді.

Шараға қала әкімдігінің, «Атамекен» ҰКП, Білім басқармасы, БАҚ өкілдері, әлеуметтік серіктес кәсіп­орындар, қала колледждерінің директорлары, колледждің педагогикалық құрамы мен студенттер қатысты.

– Бүгінде елордада 34 колледж бар, оның 8-і мемлекеттік болса, 25-і – жекеменшік. Бұл оқу орындарында 28 мың студент білім алады. Олардың 13 мыңнан астамы грантта оқиды. Бұл – жақсы көрсеткіш, – деп атап өтті елорданың Білім басқармасы басшысының орынбасары Римма Иманғазинова.

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button