Мәдениет

Қуыршақ театрының қара нары

Астана қаласы әкімдігінің Қуыршақ ­театрында аталмыш өнер ошағының негізін қалау­шы, Қазақстанның Мәдениет қайраткері, ­К.Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің оқытушысы Досымхан Бейсенбайұлының 50 жас мерейтойы мен сахналық ғұмырының 30 жылдығына орай «Менің ғажайып әлемім» атты мерейтойлық бенефис өтті.

30 жыл уақытын өнерге, қазақ қуыршақ театрының дамуына, мәртебелі мәдениетіміздің өсіп-өркендеуіне арнаған актер, педагог Досымхан Бейсенбайұлы Т.Жүргенов атындағы Театр және кино институтын
Н.Колесникова, Г.Мырзашева және Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, профессор Қ.Ешмұратованың шеберханасын тәмамдады. Еңбек жолын Алматы қаласы Мемлекеттік қуыршақ театрынан бастады. Осы уақытқа дейін сан алуан қуыршақ-кейіпкерге жан бітіріп, көрнекті театр сыншысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әшірбек Сығайдың жоғары бағасын алды.

Өнер кеңістігінде өзгеше өрнек салған Досымхан Бейсенбайұлы – 2007 жылы Астана қаласындағы Жас көрермендер театры жанындағы қуыршақ бөлімінің негізін қалаушылардың қатарынан табылып, 2008 жылы мамандардың жетіспеуіне байланысты ұстазы Құралай Ешмұратовамен бірге Қазақ ұлттық өнер университетінен «қуыршақ театры актері» бөлімін ашып, қазіргі таңға дейін шәкірттер тәрбиелеп отырған ұлағатты ұстаз.

Өнерге қалтқысыз қызметі үшін «Ерен еңбегі үшін» медалін иеленіп, «Сахнагер-2019» сыйлығы «Үздік қуыршақ театры актері» аталымының жеңімпазы атанды.

Аманғали ҚАЛЖАНОВ 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button