Жаңалықтар

қылмыс хроникасы

МЫҢ АСҚАНҒА – БІР ТОСҚАН

Елордалық криминалдық полиция басқармасы қызметкерлері жүргізген шұғыл іздестіру іс-шаралары нәтижесінде Астанада бірнеше пәтерді тонаған павлодарлық екі азамат ұсталды. Олардан айғақ зат ретінде алтын бұйымдар, планшет, тұрмыстық техника мен қомақты ақша тәркіленді. Тергеу жүргізілуде.

АЛАЯҚҚА АРБАЛДЫ

Бұрын сотталған Гүлназ есімді 31 жастағы келіншектің «табысы көп жұмысқа орналастырамын» деген алаяқтығына алданған аста­налық ер адам төрт мың долларын, жиырма үш жастағы жігіт екі жүз мың теңгесін қолына ұстатқан.

Сөйтіп, өзін акционерлік қоғам қызметкері ретінде таныстырған айлакер келіншек он бір адамның
жиырма жеті мың доллары мен 1370000 теңгесін қалтаға басқан.

ІЗ-ТҮЗСІЗ ЖОҒАЛДЫ…

Шұғыл іздестіру нәтижесінде қаладағы салынып бітпеген үйдің ауласындағы құбыр құдығының жанынан 11 сәуір күні із-түзсіз жоғалып кеткен Ә.Молдабеков деген азаматтың мүрдесі табылды. Сот-медициналық сараптама қорытын­дысында оның денесінен күш қолдану белгілері анықталған жоқ.

Тергеу амалдары жалғасуда.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button