ҚоғамҚұқық

Қылмыс пен жаза

Астана қаласының Әкімшілік соты көші-қон саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін шетелдік 1 548 азаматты кінәлі деп таныды.

Астана қаласының маман­дандырылған ауданаралық әкімшілік сотында 2016 жылдың бірінші тоқсанында шетел азаматтарының Қазақстан Республикасының халықтың көші-қон саласындағы заң­намасын бұзғаны үшін 1548 азаматқа қатысты әкімшілік істер қаралды. Бұлар – Ресей Федерациясы, Өзбекстан, Қырғызстан, Грузия, Украина азаматтары екені анықталды.
Қазақ елі миграциялық процестер белсенді жүретін транзиттік мемлекет болып отыр. Әсіресе, Орта Азиядан мыңдаған адам жұмыс табу мақсатында елімізге ағылады. Көрші елдердегі саяси ахуал мен азаматтарын жұмыспен қамту мүм­кіндіктерінің шектеулілігі де мигранттардың артуына себеп. Олардың арасында заң­наманы бұзатындар да бар­шылық. Уәкілетті органдар заңды қонышынан басқандарға қатысты Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы ко­декстің 517-бабы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырған.
Астана қаласының маман­дандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулы­ла­рымен 1534 азамат әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылды. 14 әкімшілік іс тоқтатылса, 702 азаматқа әкімшілік айыппұл салу, 180 азаматты қамаққа алу және 651 азаматты Қазақ­стан Республикасының ше­гiнен әкімшілік жолмен шы­ғарып жiберу түрінде жаза тағайындалды.

Қымбат НҰРҒАЛИ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button