Құқық

Қылмыстың жолын кеседі

«Заң және тәртіп» іс-шарасын жүзеге асыру аясында және пробация есебіне алынғандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу үшін қарқынды жұмыс жүргізілуде.

Осы мақсатта Астана қаласының прокуратурасы елордадағы құқықтық статистика және арнайы есепке алу, қылмыстық-атқару жү­йесі департаменттерінің, оның аумақтық пробация қыз­метінің және аудан прокуратураларының қатысуымен ведомство­аралық кеңес өткізді.
Кездесу барысында сотталғандар қайта жасайтын қылмыстардың алдын алу, жолын кесу, анықтау және есепке алу мәселелері талқыланды. Қоғамға қайта әлеуметтену мен реинтеграцияның негізгі құралы ретінде есепке алынғандар арасында қылмыстың алдын алу бо­йынша жұмысты күшейтуге ерекше көңіл бөлінді.

– Есепке алынған тұлғалар арасындағы қайталанатын қылмысты азайту үшін уәкілетті органдар арасындағы алдын алу, қатаң бақылау және ведомствоаралық өзара іс-қимыл жүргізуден бөлек, кешенді тәсілдер қажет. Тек жүйелі тәсілдер ғана қайталанатын құқық бұзушылықтарды азайтады және пробацияның тиімділігін арттырады, – деді Астана қаласы прокурорының орынбасары Дінмұхаммед Шүйкебаев.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button