Құқық

Қылмыстық топтың жолы кесілді

Елордада бір күнде есірткі сату мен сақтауға қатысы бар 5 адам ұсталды. Полиция қызметкерлері елорда аумағына есірткі заттарын жеткізуді және өткізуді жүзеге асырған қылмыстық топ жұмысының жолын кесті.

Бұл туралы polisia.kz телеграм арнасы хабар таратты. Топтың ұйымдастырушысы – бұрын сотталған 37 жастағы ер адам. Оның пәтерін тінту барысында сатуға дайындалған 8 келі гашиш, электронды таразы, аузы жабылатын полиэтилен қапшықтар және 450 000 теңге тәркіленді. Бұдан әрі жедел іздестіру іс-шаралары жүргізіліп, есірткіні сақтаған, буып-түйген және сатумен айналысқан қылмыстық топтың тағы екі мүшесі ұсталды. Полицейлер заңсыз айналымнан 23 келіге жуық есірткі заттарын немесе 46 мыңнан астам бір реттік дозаны тәркіледі. Барлық ұсталғандар қамауға алынды, оларға қатыс­ты қылмыстық істер қозғалды.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button