Құқық

Қымбат құлаққаптарды қымқырған

Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа ауданының ПБ қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде жергілікті 21 жастағы тұрғынды ұстады.

[smartslider3 slider=577]

Тергеу барысында оның «Технодом» дүкеніндегі сөреден құны 50 мың теңге тұратын «True Wireless Earphones Air 2» маркалы сымсыз құлаққаптарды жасырын ұрлағаны анықталған. Жас жігіт дүкенде сөрелердің жанында адамдардың көп болып жиналып тұрған сәтін пайдаланып, құлаққапты алып, сауда орнынан шығып кеткен. Ұрының бұл әрекеті бейнебақылау камераларына жазылып қалған. Белгілі болғандай, ол құлаққапты ломбардқа өткізген. Сондай-ақ күдікті өзінің қолға түспегенін пайдаланып, бір аптадан соң сол «Технодом» дүкенінде қайтадан ұрлық жасаған. Бұл жолы 79990 теңге тұратын «SM-R177NZKACIS» маркалы құлаққапқа көзі түскен. Қазір қылмыс­тық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті өз кінәсін мойындаған. Қала аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыс­тарға қатыстылығы тексерілуде.
 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button