ӘлеуметСұхбат

Қымбатшылықпен күрес қарқынды

Астана халқын маусымаралық азық-түлікпен қамтамасыз ету – бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі. Бұл бағытта қала басшылығы тарапынан да атқарылып жатқан шаруа қыруар. Бағаны тұрақты ұстау, азық-түлік белдеуін қалыптастыру үнемі қадағалау мен мығым істі қажет етеді. Осы орайда, Астана қаласы Ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы Мұрат Далабаевты әңгімеге тартып, аз-кем тілдесудің сәті түскен…

– Нан бағасының қымбаттамауы, тұрақтылығы астаналықтардың көкейіндегі бірінші мәселе. Сіз не айтасыз?

– Астана қаласының әкімдігі мен сауда объектілері және на­убайханалар арасында 1 сұрыпты нанға және ұнға бағаның өсуін бол­дырмау мақсатында шекті бағаны бекіту туралы Меморандумға қол қойылған. Нәтижесінде 1 сұрыпты ұнның келісі 45 теңгеден, бөлшек желісінде 50 теңгеден артық емес бағамен сатылуда. Сондықтан бұған алаңдаудың қажеті жоқ деп  білем. Тағы айта кетерлігі, 1 тамызда былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, азық-түлік тауарла­рын тұтыну бағасының өсу индексі 2,2 пайызға төмендеген.

– Онда өткен жылдың күзінде қалыптастырылған азық-түлік қоры да біршама өскен болар?..

– Иә, ең төменгі бағалар бойынша 795,2 миллион теңгеге 6 928 тонна күріш, қант, өсімдік майы, ұнтақ жар­масы, арпа жармасы, сұлы жармасы, қарақұмық жармасы, картоп, пияз, сәбіз сатып алынды. Осы өнімдер жыл бойы супермаркеттер, сауда жүйелері және әлеуметтік павильон­дар арқылы өткізілуде. Бұл қала нарығында бағаның тұрақтылығына әсерін тигізді деген ойдамын. Бұл жұмыс жыл сайын жүзеге асырыла­тын болады, қазіргі уақытта 2012-2013 жылдарға тұрақтандыру қорын қалыптастыру жүргізілуде.

– Маусымаралық көкөніспен қалалықтарды қамтамасыз етуде сақтау қоймаларының да маңызы зор. Бұл бағытта қандай жұмыс істеп жатырсыздар?

– Қала территориясында көкөніс қоймаларын және жылы­жайлар салу елордалықтарды өз өнімімізбен қамтамасыз етеді. Қала тұрғындарын жеміс-көкөністен тарықтырмау үшін сақтау көлемі 60 000 тоннадан кем емес қойма қажет. Қазіргі уақытта жалпы көлемі 19000 тонналық 4 көкөніс қоймасы жұмыс істеуде. Оның 2-уі ағымдағы жылы пайдалануға енгізілді. Алдағы қыркүйек айында қажеттілікті 46 пайызға дейін қамтитын, көлемі 8850 тонналық тағы 2 жобаны аяқтау жоспарлануда. Сонымен қатар, 2013 жылы қаланы 100 қамтамасыз ететін 40600 тонналық 8 жобаға жер телімдері бөлінді және жобалық жұмыстар жүргізілуде.

– Жылыжайлар салу соңғы жылдары еліміздің жер-жерінде мықтап жолға қойылды. Астанада да ауыз толтырып айтарлықтай шаруалар жүзеге асқан болар?..

– Бүгінде елордада «АстанаЭко­Стандарт» ЖШС және «Наурза­лина» жылыжай кешендері жұмыс істейді. Олардың өнімдері сәуір айынан бері нарықта. Ағымдағы жылы қуаттылығы 800 тонналық 1 жобаны аяқтау жоспарлануда. 2013 жылы да жылына 3500 тонна өнім беретін 3 жылыжай пайдалануға берілмек.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button