ЖаңалықтарЭкономика

Қымбатшылықтың себебі неде?

Еліміздегі азық-түліктің қымбаттауына әлемдік нарықтағы қымбатшылық әсер етуде. Кеше Мәжілісте журналистердің сауалына жауап берген Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин қымбатшылықтың объективті себептерін атады.

[smartslider3 slider=704]

«Қазір азық-түліктің нақты қай түрлерінің бағасы өсіп кеткенін айтып бергім келеді. Жалпы 10 айдың ішінде әлемде азық-түлік қымбатшылығы 33 пайызды құрағанын атап өткім келеді. Әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің 19 түрі барын білесіздер. Оның жартысы бойынша импортқа тәуелдіміз. Тиісінше, егер күнбағыс майы бізде 30% қымбаттаса, әлемде 60% қымбаттады. Сол секілді қант бізде 14%, әлемде 54%, бидай бізде 12%, әлемде 41% қымбаттады. Демек, азық-түліктің қымбаттауына әлемдегі қымбатшылық әсер етеді. Біз оны қымбатшылықтың объективті себебі ретінде қарастырамыз» деді Серік Жұманғарин журналистердің қойған сауалына.

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button