Жаңалықтар

Қырық тонна қырыққабат жеткізілді

Елордаға 40 тонна қырыққабат жеткізілді. Түркістан облысынан әкелінген қырыққабаттың алғашқы партиясы «Шапағат» базарының сөрелеріне келіп түсті. Қырықабатты көтерме және бөлшек саудамен алуға болады.

[smartslider3 slider=2122]

Бүгінде елордада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Қазіргі уақытта 30 мың тонна ӘМАТ бағасын тұрақтандыру бойынша келісімшарттар жасалды. Оның 15 мың тоннасы картоптың, сәбіздің, пияздың, қырыққабаттың бағасын тұрақтандыруға бағытталған. Берілген жеңілдікті қарыздар бойынша көкөніс бағасын шілде айына дейін тұрақтандыру жоспарланған. Қазір азық-түлік көлемін және сату кезеңін ұлғайту үшін кәсіпкерлермен келіссөздер жүргізілуде.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button