Мәдениет

Қырық жасында – қырық екі нокаут

Жапонияның Сайтама қаласында орта салмақта IBF және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин мен WBA Super белбеуінің иегері Риото Мурата қолғап түйістіріп, қазақстандық боксшы жеңіске жетті.

[smartslider3 slider=2658]

Головкин-Муратаның жекпе-жегі 12 раундқа есептелген еді. Алайда қазақстандық боксшы тоғызыншы раундта қарсыласын техникалық нокаут­қа жіберіп, өзінің IBO және IBF тұжырымындағы атақтарын, сонымен қатар Муратаға тиесілі WBA суперчемпион белдігін қоса жеңіп алды.

Головкин жекпе-жекті ұйым­дастырушылар мен шоуды тамашалауға келген көрермендерге алғысын білдірді. Ол Риото Мурата тамаша әрі табанды спортшы екенін атап өтіп, жапониялық қарсыласының иығына өзі киіп жүрген қазақтың шапанын жапты.

«Мен барлық жанкүйерлеріме, әсіресе Қазақстаннан арнайы ат арытып жеткен жанкүйерлеріме алғыс айтамын. Рақмет сіздерге, жігіттер. Алға Қазақстан!» деп ағынан жарылды қазақстандық боксшы өз жанкүйерлеріне ризашылығын білдіріп.

Жекпе-жек алдында Геннадий 40 жасқа толған еді. Атақты спортшыны мерейтойымен Қазақстан Президенті Қасым-­Жомарт Тоқаев құттықтап, жеңіс тілеген еді. Головкин болса өзінің кәсіпқой бокстағы 42-жекпе-­жегінде нокаутпен жеңіске жетіп, елдің де, Президенттің де үмітін ақтап шықты.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button