Мәдениет

Қырық жыл төккен құнды тер

«Астана ақшамы» газетінде ұзақ жыл қызмет істеген, еліміздің ақпарат-баспасөз саласында 40 жыл тер төгіп, осы саланың өркендеп дамуына өз үлесін қосқан майталман журналист Таңатар Абдоллаұлы Төлеуғалиев «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды. Төсбелгіні «Elorda Aqparat» ЖШС директоры Олжас Сыдықбек табыс етті.

[smartslider3 slider=3797]

Таңатар Төлеуғалиев журналистік салада қырық жыл қызмет істеді. Еңбек жолын облыстық «Орал өңірі» газетінде корректор болып бастаған ол осы басылымда тілші, аға тілші, бөлім меңгеруші болды. Батыс Қазақстан облысы әкімі жанындағы Қазақстан халқы кіші Ассамблеясы хатшылығында кеңесші болып қызмет істеді.

Журналистің ширек ғасырлық өмірі елордамыз – Нұр-Сұлтан қаласының тыныс-тіршілігі, өсіп-өркендеуімен тікелей байланысты. 1998 жылы елордаға көшіп келіп, «Астана Ақшамы» газетіне жұмысқа тұрды. Қаламының қарымын танытып, астаналық басылымның бөлім меңгерушісі, бас редактордың орынбасары қызметтерін атқарды. Бұдан кейін «Астана» журналы, Астана қаласы Тілдерді дамыту басқармасы, «Қазақстан теміржолшысы» газеті, «Казконтент» акционерлік қоғамында басшылық қызметтер атқарды. Кейін «Астана Ақшамы» газетіне қайтып оралып, содан бері елорданың бас басылымы арқылы қаланың дамуына өзіндік үлесін қосып келеді. «Астана ақшамы» газетінде «Құқық» бетін жүргізіп, қоғамда орын алып жатқан келеңсіз жағдайларды қаламымен түйреп, содан сақтануға шақырды. Ақындығымен де танылған әріптесіміздің қазірге дейін екі кітабы (поэзиялық және публицистикалық) жарық көрді.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button