Жаңалықтар

«Қыс-2013» оқу-жаттығуы өтуде

Алдағы қыс кезеңіне дайындық шеңберінде ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі 2013 жылғы 21-22 қараша күндері «Қыс-2013» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуын өткізеді.
Ағымдағы жылы «Қазгидромет» болжамы бойынша қатты суық қатты болады деп күтілуде. Азаматтардың қауіпсіздігін төтенше жағдайларға жедел ден қоюға әзірлігін қамтамасыз ету үшін ТЖМ қысқы кезеңге дайындық бойынша кешенді жоспарлы жұмыс жүргізуде. Ауқымды сипат алатын «Қыс-2013» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу барысында қысқы кезеңдегі төтенше жағдайларға толық ден қою жүйесінің күштері мен құралдарының әзірлігін тексеру, сондай-ақ ТЖ-ды жою кезіндегі өзара іс-әрекетті пысықтау жоспарлануда.
Оқу-жаттығуға мүдделі орталық және жергілікті атқарушы органдары, оның ішінде облыстар, Астана және Алматы қалалары төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссиялары, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық органдары, ведомстволық бағынысты ұйымдары қатысуда.
Оқу-жаттығуға дейін қысқа дайындық бойынша ауқымды жұмыс жүргізілді.
Қысқы кезеңдегі төтенше жағдайларды жою және халықтың тыныс-тіршілік қызметін қамтамасыз ететін ведомстволар, ұйымдар арасындағы өзара іс-әрекеттер жөніндегі жоспарлар пысықталды. Барлық өңірлерде жолдардағы оқиғалар туралы жедел ақпарат жинау бойынша механизмдер пысықталды. Дағдарыс орталықтары тәулік бойы ақпаратты қабылдау, өңдеу және тиісті шешімдер қабылдау бойынша жұмысқа дайындалды. Жылу, су, энергия көздерінің нақты жұмыс мониторингі ұйымдастырылды.
Өрт қауіпсіздік айлығы өтті, халықты СМС-хабарлама арқылы хабардар ету мәселесі пысықталды. Бақылауда тұрған жылу энергетика объектілеріндегі қазандықтарды жөндеу кестелерін орындау барысы тұрақты бақылауда тұр. Елді мекендер мен шаруашылық объектілерді қар көшкіндерінен қорғау қамтамасыз етілді. Суайдындарындағы мұзқатқыларға бақылау жүзеге асырылуда.
Теміржолдар мен автожолдардағы қар басуы ықтимал учаскелер анықталды. Республикалық жолдарда жылыту пункттері дайындалды, күре жолдық медициналық-құтқару пункттері жұмыс істейді, көктайғаққа төтеп беретін материалдар дайындалды. Жол салатын, қара тазалайтын және құтқару техникасы пайдалануға дайын. Электр станциялар мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерінде қысқы отын дайындалды. Облыс орталықтарында құтқару жұмыстарын жүргізу үшін заманауи медициналық жабдықтармен жарақталған тікұшақтар кезекшілік етеді. Мемлекеттік материалдық резервке жабдықтар мен материалдар, төсек жабдықтары бар қысқы шатырлар, тыныс-тіршілікті қамтамасыз ететін құралдар (дала асханасы, пештер, электр станциялар, радиаторлар, жылу беру пушкалары), сондай-ақ арнайы және автомобиль техникасы (автогрейдерлер, шнекороторлы қара тазалау машиналары, бульдозерлер, экскаваторлар, автосамосвалдар) салынды.
Жолдардың қауіпті учаскелеріне күштерді орналастыру бойынша есептер орындалды.
«Қыс-2013» оқу-жаттығуы шеңберінде республика бойынша қысқы кезеңдегі ТЖ-ды жою бойынша іс-әрекеттерді пысықтау бойынша тактикалық-арнайы жаттығулар өтеді.
Оқу-жаттығуға барлығы саны 13 мыңнан астам адамды құрайтын Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар авариялық-құтқару қызметтері мен құрылымдарының 382 бөлімшесі тартылды, сондай-ақ 3 мың бірлік техника жұмылдырылған.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button