Жаңалықтар

Қыс қатал сыншы

Елордада қыс мез­гілінде жұмыс жүргізуге екі мыңға жуық  техника да­йын тұр.

nur_7475-1

Астанада алғашқы қар ұшқындап, күн суыта бас­тады. Бұл құбылыс алдымызда қыс келе жатқанын аңғартты.

«Қыс – қатал сыншы» дегенді алдын ала ескерген Астана әкімі Әсет Исекешев елорданың қысқы маусымға дайындығын қадағалап, коммуналдық қызметтердің жұмыс жағдайымен таныс­ты. Биылғы қыста қала көшелерін қардан тазалау және оны шығаруға үш мыңдай адам және екі мыңға жуық арнайы техника жұмылдырылды. Техникалар қала аудандарының аумағына, жұмыс ауқымына қарай бөлінген. Атап айт­қанда, Алматы ауданында – 395, Сарыарқа ауданында – 349, Есіл ауданында 294 мамандандырылған техника жұмыс істейтін болады.

«Астана тазалық» және «Астана көгалдандыру құрылысы» кәсіпорындары да қысқы маусымға техникаларын түгелдей дайындап қойған.

Қаладағы коммуналдық техниканың бір бөлігі газға ауыстырылған.

Биылғы маусымда көктайғақты болдырмау үшін пилоттық жоба аясында жаңа буындағы «Айсмелт» атты 1141 тонна реагент қолданылатын болып отыр. Бұл қоспаны пайдалану кезінде жолдар мен тротуарларда кір дақтар болмайды. Сонымен қатар, 26 238 текше метрге есептелген құм-тұз қоспасы да дайындалған.

Қыс кезіндегі науқандық жұмыстарды жүргізетін мекемелер мен кәсіпорындардың жұмысымен танысқан қала басшысы жауапты мамандарға тапсырмалар жүктеді.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button